loader image
www.sary-uysin.kz

Sary-uysin.kz

(1898- 1927)

Жұбаныш Бәрібаев (21.10. 1898, бұрынғы Алматы облысыҚарасай ауданыКөлащы ауылы — 15.3.1927Алматы) — мемлекет қайраткері.

  • Верный ер балалар гимназиясын бітірген (1915).
  • Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты.
  • 1918 жылы РКП(б) мүшесі
  • Нарын уездік (қазіргі Қырғыз Республикасында) әскери ревкомның төрағасы болды.
  • 1919 жылы қызыл әскер қатарына алынып, Жетісуда ұлттық әскери бөлімдер ұйымдастыруға араласты, мұсылман коммунистерінің Жетісу облысы бюросы төралқасының хатшысы болып сайланды.
  • 1920 жылы Піспек уездік (қазіргі Қырғыз Республикасында) атқару комитетінің төрағасы, Түркістан коммунистік партиясының облыстық мұсылман бюросының осы уездегі өкілі, Түркістан ОАК Жетісу облысы қазақ және қырғыз босқындарын орналастыру жөніндегі ерекше комиссияның төрағасы.
  • 1921 — 23 жылдары Жетісу облысы РКП(б) комитетінің жауапты хатшысы және облыстық атқару комитетінің төрағасы,
  • 1924 — 26 жылдары Жетісу облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
  • Әйелі — Бәрібаева Ташбуби, ұлы-Бокей