loader image
www.sary-uysin.kz

Sary-uysin.kz

Құлымбаев Шолпанқұл

(1923 - 1984)

Балқаш ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұзақ жылдары оқұ ағарту саласында қызмет атқарды.  Өзі қызмет істеген жерде әділ шешімділігімен адал еңбек етіп, ел аузында құрметті болған адам. Өсірген ұл-қыздары өндірістің әр саласында жұмыс істеп әкесіне тартып ағайындардың арасында абыройлы. Іле аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.  Өтеген батыр (Энергетический) кентінде бір көшеге есімі берілген, халық ағартушысы саласының еңбегі сіңген қызметкері. Көптеген орден медальдармен марапатталған.  Артында  қалған ұл қыздары мемлекетіміздің өндіріс мекемелерінде жемісті қызмет атқарып жүр. Үлкен қызы ғылыми дәрежесі болса, ұлдары Бақыт қалалық кеден мекемесінің жауапты қызметкері, Мұхит көп жылдар органда істеп полковник шеніне дейін жеткен. Төңірегінде жүрген жас мамандарды қолдап қызметтерінің өсуіне ықпал етіп жүретін. Жанұяда Нәзім тәтеймен өте тату бақытты өмір сүрген азамат.