История
Сарыүйсін (Түркештер) – Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі ру. Ұраны – Бақтияр. Таңбасы – Абақ.
Сарыүйсіндер – Бәйдібек бабаның бәйбішесі Марау (Сары бәйбіше) анадан тараған ұрпағы. Сарыүйсіндер ежелден Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерін бойлай) өңірін, Қаратау баурайын мекен еткен. Негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Сарыүйсіннен көптеген абыз, би, шешен, батырлар шыққан.
